Жылқы шаруашылығы институты 2025 жылы іске қосылады

Ол Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында орналаспақ.

Бұл туралы Үкімет отырысында Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.

Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына институттың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті рәсімдердің барлығын осы жылдың соңына дейін аяқтау міндетін қойды.

Сонымен қатар инновациялық технологияларды енгізу және агроөнеркәсіптік секторды қарқынды дамыту үшін әлемдік тәжірибені қолдануға ерекше назар аудару керегін ескертті.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2028 жылы отандық тұқым қорының көлемін 80%-ке, оның ішінде элиталық тұқым көлемін кемінде 15%-ке дейін жеткізуді тапсырған болатын.