Елімізде жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызы артады
Қоғамда еңбекқорлық пен кәсіби құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталып, масылдық көңіл-күйден арылу керек. Үкімет отырысында Олжас Бектенов жұмысшы мамандықтарын дәріптеу туралы осылай деді.
Премьер-министр алдағы Жұмысшы мамандықтар жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және ауылға қажетті мамандарды тартуға қуатты ынталандыру бола алатынын атап өтті. Біз нағыз еңбек адамдарын, қарапайым жұмысшыларды, еңбек әулеттерінің өкілдерін, кәсіпорындардағы, бизнес пен мемлекеттік сектордағы тәжірибелі қызметкерлерді қолдауға тиіспіз», - деп атап өтті.
Жұмысшы мамандықтарды қолдау бағытындағы ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігіне, барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге тапсырма берілді.