Бірқатар электр станцияда күрделі жөндеу жұмысы аяқталады

Жыл соңына дейін елдегі бірқатар электр станцияларында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

2024 жылға 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Бұл шаралар жылу электр орталықтарындағы орташа тозуды 65%-дан 61%-ға дейін төмендетеді деп күтілуде. Мәселен, Риддер, Кентау және Екібастұз жылу электр орталығында жағдай жақсармақ. Бұдан бөлек ағымдағы жылы 20,7 мың шақырым электр беру желілері мен 383 қосалқы станция және 4054 тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделді.   

ЖЭО бойынша тозу деңгейінің төмендеуі

Риддер ЖЭО

58% ----- 54%

Кентау ЖЭО

85% ------ 65%

Екібастұз ЖЭО

42% ------ 35% 

Жоспарлы жөндеу жұмыстары

20,7 мың км электр желілері

383 қосалқы станция

4 054 тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станциялар