Түркістанда құқықтық және қаржылық сауат форумы өтті

Түркістанда құқықтық және қаржылық сауаттылық бойынша форум өтті.

Облыс әкімдігі және Қаржылық мониторинг агенттігінің академиясы ұйытқы болған шараға 500 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде мәдениет, спорт, ғылым, дін саласының қызметкерлері мен кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдер және оқушылар мен студенттер бар. Форум ауқымы бір мезетте бес бірдей кешенді қамтыды. Олар қаланың әкімшілік-іскерлік орталығы, орталық стадион, Халықаралық Қазақ-түрік университеті және Халықаралық туризм мен қонақжайлылық университеті. Жиын шеңберінде панельдік сессиялар, қызу пікірталастар, интеллектуалдық ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар жастар арасында қаржылық пирамидалар, құмар ойындар мен есірткі бизнесінің алдын алуға және кибер-гигиенаны сақтауға бағытталған.