Ақмола облысында 25 мыңға жуық адам қысқы спорт түрлерімен айналысады

Көбі шаңғы мен биатлонды құп көреді, деп хабарлайды 24kz.

17 спорт мектебінде 2,5 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Болашақ чемпиондардың жаттығуына жағдай жасалған. Аймақтағы спорт мектептерінің техникалық базасын нығайтуға да баса көңіл бөлініп отыр. Биыл 12 мектепке 800 дана шаңғы берілді. Аталған спорт жабдықтары «Қазақстан халқына» қорының арнайы жобасы аясында алынған. Өңір құрамалары қысқы спорт түрінен республикалық жарыстарда үздік өнер көрсетіп жүр. Бірақ спортшылардың әлемдік ойындарда бағы жанбай келеді. Мұны сала мамандары тәжірибелі жаттықтырушылардың аздығы және бәсекелестіктің болмауымен байланыстырады.

Ардақ Төлендин, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Бұл жерде енді бірнеше себеп бар. Бірінші себеп федерацияның дұрыс жұмыс атқармағаны. Шаңғы спорт түрін айтып кетейін. Шаңғы спортынан екі олимпиадалық циклда 4-5 аға жаттықтырушы құрама жаттықтырушылары өзгерді. Сол жұмыстың жүйеге қойылмауы соның әсері тиіп жатыр. Қысқы спорт түрлеріне енді 60-80 миллиондай жұмсалды. Ол жерде белсенді үш спорт түрі. Шаңғы, биатлон және шорт-трек.