Астана прокуратурасының WhatsApp ботына 20 мың адам жүгінген

Жыл басынан бері 20 мыңнан астам астаналық, қала прокуратурасының іске қосқан уотсап-ботына жүгінді.

Тұрғындар өздерінің күмән тудырған номерін алаяққа тиесілі ме, жоқ па – соны анықтау мақсатында осы платформаны қолданған. Себебі ол дерекқордағы телефон номерлерінің тізіміне талдау жүргізіп, оның қылмыстық мақсатта пайдаланылу тарихын ескереді. Кейін қолданушыға тиісті ақпарат береді. Ол үшін +7  747  680 02 10 ватсап номеріне жазу қажет. Прокурорлардың айтуынша, бұл мессенджерге күніне 100-ге жуық өтініш түседі екен. Жалпы бұл жоба алаяқтықпен күресу мақсатында жүзеге асып келеді. Әсіресе тауарды онлайн сату немесе сатып алу және өзге де онлайн қызметтерді алу тұрғысында тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.