Елде қылмыс жасау деңгейі төмендеген

Жыл басынан бері еліміздегі қылмыс деңгейі төмендеген.

Нақтырақ айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылық 5 жарым мыңға, ал қылмыс саны 10 мыңға азайған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ал әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу 40 пайызға артты. Сондай-ақ ұсақ бұзақылықтың алдын алу мен көлік қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу бағытында да оң динамика бар. Бұдан бөлек тәртіп сақшылары іздеуде жүрген бір жарым мыңнан астам қылмыскерді ұстаған. Олардың 158-і шетелде тұтқындалды.

Қылмыстық құқық бұзушылық – 5,5 мың

Қылмыс саны – 10 мың

Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу – 40%

Ұсақ бұзақылықтың алдын алу – 30%

Көлік қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу – 48%