Итбалықтың қырылуынан 1,5 млрд теңгеге жуық шығын келді
«Маңғыстау облысында итбалықтардың жаппай қырылуынан мемлекетке 1,5 млрд теңгедей шығын келді.
Теңіз сүтқоректілері Қазақстанның қызыл кітабына кіргендіктен, оның қырылуы қылмыстық іс қозғауға негіз болады», дейді мамандар Табиғат жанашыры Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, ауылшаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес бір итбалықтың құны 193 айлық-есептік көрсеткішке тең. «Яғни 712 мың 556 теңгені құрайды. Бұл соманы биыл қазан айынан бері өлген 2 мың итбалық санына көбейтсек, шығын көлемі 1 млрд 425 млн теңгеден асады. Сондықтан олардың жаппай қырылу дерегін жедел тексеру қажет», дейді эколог.
Әділбек Қозыбақов, «Ecojer» қауымдастығы аймақтық экологиялық кеңесінің мүшесі:
- Сол кездегі бекітілген құн бойынша осындай сома шығып тұр 1,5 млрд жуық. Қылмыстық іс қозғалса, содан кейін тергеу жұмыстарын жүргізу керек болады заң бойынша. Бірінші кезекте әрине ол, ішкі істер министрлігі қылмыстық істі жүргізетін. Сонымен қатар олар басқа да сарапшыларды тартуға құқылы. Яғни ауыл шаруашылығы министрлігі немесе экология министрлігінен немесе тәуелсіз сарапшыларды да тарта алады.