Биыл Қазақстан бойынша 1352 шақырым теміржол жөнделді
Биыл республика бойынша 1352 шақырым теміржол жөнделді.
Бұл биылға межеленген жоспардың 96 пайызы. Жыл аяғына дейін жөндеумен қамтылған теміржол учаскелерінің ұзындығы 1400 шақырымға жетеді. Бұл туралы Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті хабарлады. Оның ішінде әрқайсысының ұзындығы 260 шақырымнан асатын Шу-Қандыағаш, Астана-Алматы учаскелері мен 100 шақырымнан асатын Ақтоғай-Семей-Алтай, Қандыағаш-Ақсарай, Алматы-Павлодар сондай-ақ, Жаңа-Есіл-Көкшетау теміржол бөліктері қамтылды. Жөндеуден өткен барлық учаскенің 569 шақырымына күрделі, 181 шақырымына кешенді жөндеу жасалды. Тағы 602 шақырым шойын жол жоспарлы жөндеуден өтті. Қазір солтүстік аумақта маусымы аяқталды, оңтүстік өңірлерде жұмыстар жалғасуда. Келер жылы республика бойынша тағы 1480 шақырым темір жол жөнделеді деп жоспарланған.
2024 жыл - 1400 шақырым
Жөндеу аяқталды – 1352 шақырым (96%)
Шу-Қандыағаш 266 шақырым
Астана-Алматы 260 шақырым
Ақтоғай-Семей-Алтай 153 шақырым
Қандыағаш-Ақсарай 138 шақырым
Алматы-Павлодар 106 шақырым
Жаңа-Есіл-Көкшетау 161 шақырым
Күрделі жөндеу - 569 шақырым
Кешенді жөндеу – 181 шақырым
Жоспарлы жөндеу - 602 шақырым
2025 жыл - 1480 шақырым