2029 жылға дейін жолаушыларға арналған 1200 вагон сатып алынады

2029 жылға дейін елімізде жолаушыларға арналған 1200-ге жуық вагон сатып алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі баяндады, деп хабарлайды 24kz.

Марат Қарабаевтың айтуынша, қазір локомотив паркінің тозу деңгейі 61% шамасында. Нарықта 300-ден астам жеке оператор жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде «Қазақстан темір жолына» 38 мың вагон тиесілі. Олар әлеуметтік маңызы бар тасымалдарға жұмылдырылған. Сондай-ақ министр: «Отандық өндірушілердің вагондарын сатып алу мүмкіндігімен жалға беретін Біріккен лизингтік компания құру ұсынылады», - деп мәлімдеді.