Мәжіліс депутаты: Дербес деректерді қорғау керек

Алайда қаржы ұйымдарының қызметтерін алушылардың қол қоятын келісімдері қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді, деп хабарлайды 24kz.

Келісім алу рәсімі іс жүзінде мәжбүрлі сипатқа ие. Егер тұтынушы келіспесе, онда қандай да бір қызмет қолжетімсіз болады. Мәжіліс депутаты, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымоваға дербес деректерді қорғау туралы депутаттық сауал жолдады. Екатерина Смышляеваның айтуынша, құжаттарда жеке бас деректерін белгісіз мақсаттар үшін өңдеуге мүмкіндік беретін жалпы тұжырымдар қолданылады. Сондай-ақ жеке мәлімет берудің мерзімін шектеуді де ұсынып отыр. Мәселен, белгілі бір компаниямен арадағы келісімшартыңыз бір жылдан кейін аяқталса, дербес деректеріңіз 10 жыл сонда сақталуы мүмкін. Оны қайтарып алудың амалдарын да қарастыру керек.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Келісімдерді алу тәртібі мен мазмұнын және банк секторында дербес деректерді қорғау туралы заңнама талаптарының сақталуына тексеріс жүргізу керек. Банк ұйымдары бойынша нормалардың сақталуын бақылап, қолданыстағы ерекшеліктерді қайта қарау қажет. Дербес деректерді пайдалануға салалық келісімнің бірыңғай нысанын енгізу маңызды.