Павлодарда зейнеткерлерге көмек көрсетілді
Павлодарлық жастар 87 жастағы Раиса Камышкенованың үйі мен ауласын тазалауға жәрдемдесті, деп хабарлайды 24KZ. Зейнеткер мүгедектігі бар ұлымен тұрады. Өзі өмір бойы совхозда малшы болған. Соңғы уақытта денсаулығына байланысты үй тірлігіне араласа алмайды. Игі шара «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өтті. Жастар осындай бірнеше қарияға көмек көрсетеді.
Раиса Камышкенова, зейнеткер:
- Балаларға көп рақмет. Дендері сау болсын. Бақытты болсын. Жұмыстары жемісті болсын.
Мерғали Жүсіп, «Жастар рухы» ЖҚ ОФ төрағасы:
- Біз өзімізде әрдайым көмектесуге дайынбыз. Бірақ біз кейбір кездері мекенжайларын білу үшін керек. Мысалға, біз осы кісіге бір рет келіп көмектестік. Енді тұрақты көмек көрсетіліп тұрады.