Тараздық жастар қарияларға қолғабыс жасап жүр

«Amanat» партиясы облыстық жастар қанатының мүшелері «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 86 жастағы кейуанаға көмек берді, деп хабарлайды 24kz.

Еріктілер Любовь Богомолованың бақшасын тазартып, ағаштарды бұтады. Белсенділер жыл соңына дейін тағы 40 үйге барып игілікті істі жалғастыруды жоспарлап отыр.

Ерхан Мелдебек, облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары:

- Біз тек қана бір маусымда ғана жұмыс істемейміз, барлық уақытта, кез келген көмек сұраған уақытта көмектесетін боламыз және алдағы уақытта қыс келе жатыр деген сияқты. Ол уақытта да қарын күреп, ауласын тазалап, тағы да басқа үй жұмыстарына көмектесетін боламыз.