Орташа жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл салынады

Енді халықаралық және республикалық жолдарда орташа жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл салынады, деп хабарлайды 24kz.

Тиісті заң кеше қабылданды. Жол қозғалысы саласындағы Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінде осындай өзгерістер айқындалып, ол бүгін күшіне еніп отыр. Көлік жылдамдығы автоматты түрде бақылау бейнекамераларында көрсетіліп тұрады. Айыппұл мөлшері 5-тен 40 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни, жылдамдықты арттыру дәрежесіне қарай 18 мың 460 теңгеден 147 мың 680 теңгеге дейін болмақ.