Атырау облысында қағаз өңдейтін зауыт жұмысы жанданып келеді
Атырау облысының Жылыой ауданында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде ашылған тамақ қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт тәулігіне 30 тонна өнім шығарады, деп хабарлайды 24KZ. Қазір төрт түлікке арналған жем мен егіншілерге қажетті тыңайтқышқа сұраныс жоғары. Жобаның жалпы құны 900 миллион теңге. Кәсіпкерлер субсидия арқылы зауытты одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар қағаз қалдықтарын кері өңдейтін зауыттың жұмысы да жанданып келеді. Биыл наурыз айында іске қосылған кәсіпорын толық автоматтандырылған. Күніне 5 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Қажетті шикізат өңірдегі ірі мұнай компаниясынан тасымалданады.
Дарынбек Қабдірахманов, өндіріс басшысы:
- Бізге 10-15 тонна күніне тамақ қалдықтарын беріп отыр. Оны біз өңдеп, өндіріп, биогумус дейді ғой, қалдықтарын егіншілерге және төрт түлік малға береміз. Жақсы сұраныс бар. Соны біз ұлғайту мақсатында Жасыл дамудан субсидия алып, кеңейту жобасын жасағымыз келіп, соны жоспарлап, қазіргі таңда сонымен жұмыстанып жатырмыз.