Ғалым: Бірыңғай уақыт белдеуі – ғылыми тұрғыдан оң шешім
Сағат белдеуін өзгерту туралы шешім ғылыми тұрғыда негізделген және экономикалық жағынан да орынды болып табылады.
Ал қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мақсатында медицина, физиология, метрология мамандарынан құралған жұмыс тобы зерттеген. Мамандар 5-ші сағат белдеуі Қазақстанның көптеген өңірі үшін ең дұрыс және оңтайлы нұсқа деген шешімге келген. Яғни бұл қадам денсаулыққа оң әсер етеді.
Болат Нұрхожаев, қолданбалы хронобиология маманы, ҚР Аумағындағы уақыт мәселелері бойынша есепке алу жөніндегі ведомствоаралық топтың мүшесі:
- Қоғамда көптеген пікірлер болып жатыр. Бірақ оны білу үшін уақыт өлшемі не, белдеулі уақыт, жергілікті уақыт деген не жазғы-қысқы уақыт деген не екенін біліп барып үн қосқан абзал. Себебі көптеген адамдар халықты шатастырып жатыр. Көптеген адам мұнау дұрыс емес екен деген дүрмекке еріп жатыр. Мұның бәрі субъективті пікірлдер. Ал объективті ғылымның табиғи дәлелденген табиғи уақытқа өмір сүру адам өмірінің физиологиясына да барлық жағынан да қатысты екені анықталып отыр.