Алматы әуежайында Авиация мұражайы ашылды

Алматы халықаралық әуежайында Авиация мұражайы ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Бұл мұражай – қаланың авиациялық тарихы мен сәулеттік мұрасына деген құрмет. Мұнда 1947 жылдан бастап әлемдік қайраткерлер мен саяхатшылар үшін Қазақстанның басты «қақпасы» болған ескі ВИП-терминалдың тарихы баяндалады.

Мұражай экспозициясында маңызды оқиғалар мен сәулет ерекшеліктерін көрсететін сирек архивтік фотосуреттер, интерактивті экспонаттар және басқа да қызықты материалдар ұсынылған.  Мұражай есігі әуежайдың барлық қонақтары үшін ашық.

Бекен Сейдахметов, Азаматтық авиация академиясының ректоры:

- Бізде Азаматтық авиация академиясының қабырғасында қазіргі таңда бүкіл Қазақстанның тарихын жазуға іс-шара қолданып жатырмыз. Мұражай ашуға да біз шаруа атқарып жатырмыз. Бұл ашылған мұражай бәріне, келешек авиация саласының мамандарын дайындауда бір тәрбие береді, даму мәселесі бойынша үлкен үлесін қосады деп ойлаймын.