Қарағанды облысында үйлер мен кәсіпорындарға газ тартылып жатыр

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының мамандары Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Оң жағалау ықшам ауданын газбен қамту жұмыстарын аяқтады.

Абоненттерге бірінші газ бөлу кешенінің ашылу салтанатына компания басшысы Санжар Жаркешов қатысты. «QazaqGaz» соңғы жылдары Қарағанды, Теміртау қалалары мен Ұлытау облысында көгілдір отынмен қамту жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Соның арқасында аймақтардың экологиялық ахуалы ғана емес, тұрғындардың тұрмыс  жағдайы да жақсарып келеді.

Теміртау қаласындағы Оң жағалау түрғындары үшін бұл көптен күткен қуаныш. Абоненттерге газ бөлу кешенін «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басшысы Санжар Жәркешов іске қосты. Өңірлерді көгілдір отынмен қамту жүмысы Президент тапсырмасымен жүзеге асуда,-деді компания басшысы. Алдағы уақытта қалада 2-і  газ бөлу кешені іске қосылғанда 1700 астам үй көгілдір отынға қосыла алады.

Санжар Жәркешов, АО «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы: 

- Шамамен 1100 абонентті газға қостық бүгін. Бүгін міні газ реттеуші пунктің жанында тұрмыз. Қала әкімдігімен, обылс әкімдігімен бірлесе жасалған жұмыс. Теміртау қаласының экологиялық ахуалын жақсартатын үлкен шара. Қуаныш құтты болсын!

Көппен бірген Ерниязовтар отбасы да көгілдір отынға қосылды. Сөйтіп, пеш жағудың мәшақатынан біржола құтылған. Бұрын онымен айналысу үшін бір адам үйде болуы керек еді.

Жайшылық Ерниязов, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Көмірден құтылдық. Қуанып тұрмыз. Осы қуаныш әр үйге жұғысты болсын.

Ұлттық компания басшысы Санжар Жәркешов табиғи отынды 2022 жылдан бері пайдаланып отырған Саран қаласындағы шина шығаратын кәсіпорынға барды. Өзге отынның орнына газды пайдаланудың арқасында өнімнің өзіндік құны азайған. Сарандағы тұрмыстық техникалар зауыты да газға қосылған.

Талғат Әбдірахманов, «Silk Road Electronics» ЖШС операциялық директоры:

- Бұған дейін біздің кәсіпорын дизельді отынмен жылытылды. Газбен салыстырғанда ол өте қымбат. Қазір біз табиғи газға көшудің арқасында ақшамызды 10 есеге үнемдеп отырмыз.

Алдағы жылдары өңірге қарасты «Сарыарқа» аранйы экономикалық аймағына да газ тартылады. Сондай-ақ облыстағы 7 мың үй көгілдір отынмен қамтылады.

 

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зулпыхар