Әлеуметтік тәжірибе: көшені ластау және вандализм
Екеуін қатар ұстау - бұлжымайтын қағида. Биыл бірқатар заң жобасы қабылданды.
Нақтырақ айтсақ, бұзақылық жасау, мүлікке қасақана зиян келтіргендерге жауапкершілік қатаңдатылды. Мақсат – қоғамды құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеуге тәрбиелеу.
Мирлан Алтынбек, тілші:
- Әлеуметтік тәжірибе кезінде мен қазір аялдама есігі мен қоқыс жәшігін аяқпен тепкілеймін. Сондай-ақ қолымдағы мына шырын қорабын тұрғындардың көзінше алдына тастаймын. Олардың реакциясы қандай болмақ? Маған ескерту жасай ма? Әлде көз жұма сала ма? Бір сағатқа жалғасқан әлеуметтік тәжірибенің екі бөлігінде де көп тұрғын менің ұсақ бұзақылығыма өкінішке қарай бейжайлық танытты.