6 адам ауруханаға жеткізілді: Риддерде ЖЭО-да оқыс оқиға болды

Риддердегі жылу электр орталығында оқыс оқиға болды. Жөндеу дәнекерлеу барысында газды ауа қоспасы жарылып, 6 адам зардап шекті.

Олардың барлығы қалалық ауруханаға жеткізілді. Станция басына барған облыс әкімі Ермек Көшербаевтың айтуынша, жұмысшылардың жағдайы тұрақты. Жарылыс көмір жеткізетін құрылғыны жөндеп жатқан сәтте болған. Ал жылу орталығының өзі қазір толық режімде жұмыс істеп тұр.