Жезқазғанда екі кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жасалды
Биыл Жезқазғанда екі кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жасалды.
Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 140 миллионнан астам теңге бөлінді. Қазір қала мен оған қарасты ауылдық жерлерде 9 кітапхана бар. Бәрі алдағы 3 жылда толық жөндеуден өткізу жоспарланған.
Мұхтар Әуезов атындағы кітапханаға 6 мыңнан астам оқырман жазылған. Жылына орта есеппен 65 мың адам келеді. Мекеме жаңарғаннан кейін оқырман саны артады дейді кітапханашылар. Себебі мұнда келушілерге барлық жағдай жасалған. Оқу залы кеңейтілді. Тегін ғаламтор аймағы бар. Түрлі басқосу мен іс-шаралар өткізетін коворкинг орталық ашылды.
Гүлназира Сүйіндікова, қалалық кітапханалар жүйесі директорының орынбасары:
-Бір ерекшелігі бізде өлкетану залы ашылды. Бұл өлкетану залында өзкеміздің, мынау Қаракеңгір, Сарыкеңгір өзендері бойындағы ескерткіштерден бастап, ақын-жазушылардың көрмелері ұйымдастырылады бұл жерде.
Жарты ғасыр жөндеу көрмеген балалар мен жасөспірімдер кітапханасына да күрделі жөндеу жасалды. Сыртқы, ішкі келбеті жөнделіп, шатыры толығымен ауыстырылды. Жиһазы жаңғыртылды. Кітапхана ұжымы балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жобаны қолға алған. Оқу залынан бөлек қолөнер, сурет салу, шахмат үйірмелері бар. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай «Керемет шеберхана», «Жерұйық», «Атамекен» секілді тарихи өлкетану клубтары жұмыс істейді. Жезқазғанда жалпы 9 кітапхана бар.
Гүлзада Шомаева, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
-Жыл сайын кітапханаға 9 млн қаражат кітап қорын толықтыруға бөлінеді. Енді алдағы уақытта қалада 2 кітапхана бар. Келесі жылы осы жұмыс жалғасын табады деп ойлаймыз. Негізі қалған 4 кітапхананы жаңартамыз деген жоспарда бар.
Екі кітапхананы толықтай жаңғырту үшін жергілікті қазынадан 175 млн теңге жұмсалды. Қазір кітапханашылар қолда бар әдебиеттің электрондық каталогын әзірлеп жатыр. Болашақта руханят орталығының жұмыс кестесін өзгерту де жоспарда бар. Оқырмандарға қолайлы болу үшін әсіресе жаз мезгілінде коворкинг орталықтар кешкі 8-9 ға дейін жұмыс істейді.
Елдос Кәкенов, Нұрдәулет Аманкешов