«Шырша» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр
Астанада «Шырша» жедел алдын алу шарасы басталды.
Тәртіп сақшылары сауда орындары мен көшелерде қылқан жапырақты ағаш сатуға рұқсат беретін құжаттарды тексеріп жатыр. Жаңа жыл мерекесінің басты көркіне айналған шырша шетелден тасымалданады. Өйткені елде бұл ағашты шабуға тыйым бар. Тексеріс жұмыстары желтоқсанның аяғына дейін жалғасады.
Серік Қасым, сатушы:
- Ресейден алып келдік. Құжаттар, фитосанитар, шекарадан өткізген құжаттары бар. Адамдар жаңа тексеріп кетті. Сауда ақырындап жүріп жатыр. Күніне 10-15 шырша сатылады.
Шыңғыс Омаров, Қалалық ПД Табиғатты қорғау тобының аға инспекторы:
- Бұл шараны өткізу себебі шыршаларды заңсыз кесу, шабу және тасымалдау, сатудың алдын алу болып табылады. Бізде Орман инспекциясы деген бар.Солармен бірлесе отырып, қаланың сыртындағы «Жасыл белдеуде» шеру жүргізіп, ағашты заңсыз кесу фактілерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.