Пиротехниканың заңсыз саудасына қарсы рейд жүріп жатыр
Қостанайда полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері бірлесіп, жаңа жылдық пиротехникалық заттарды сататын сауда орындарын тексеріп жүр.
Желтоқсанның 5-де басталған бұл шара қаңтардың 3-не дейін жалғасады. Заң бойынша от шашар бұйымдарды арнайы лицензиясы бар кәсіпкерлер ғана сата алады. Қостанайда тек үш дүкен иесі ондай рұқсат құжатына ие. Олардың өзі ерекше бақылауда. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қазір пиротехникалық заттардың саудасы әлеуметтік желіде қызып тұр. Соңғы 10 күнде жарылғыш бұйымдарды ұсынған хабарламалар бойынша мониторинг жүргізіліп, тиісті жазалау шарасы қолданылған.