Елорда мәслихатының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Бүгін Астана қаласы мәслихатының ардагерлеріне салтанатты жағдайда құрмет көрсетіліп, басқарма басшылары, аудандық әкімдік аппараттарының қызметкерлері мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері марапатталды.
Мерейтой шеңберінде 50-ден астам қайраткерге естелік сыйлықтар мен "Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл" төсбелгісі табысталды. Бірінші шақырылым депутаттарының көбі әлі күнге дейін қоғамдық жұмыспен белсенді айналысып, тәжірибесімен бөлісуде. Айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар ел көлемінде жалғасып жатыр. Бүгінде барлық өңірде ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ұжымдармен кездесулер, спорттық және шығармашылық сайыстар өтіп жатыр.
Вадим Шақшақбаев, қалалық мәслихаттың IV шақырылым депутаты:
- Астана қаласы көз алдымызда көркейіп жатыр. Барлық салада өсім бар. Тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі де ұлғайды. Бұл қала әкімдігі мен мәслихат жұмысының жемісін көрсетсе керек. Мәслихат депутаттарымен бірлесе атқарылған қызметтің нәтижесі бірден байқалып тұр. Осы арқылы елорда қауіпсіз әрі өмір сүруге қолайлы қалалардың қатарына қосылып жатыр.