Апат болған аймақта іске қосылған жедел телефон желісіне 629 қоңырау түсті
Ұшақ құлаған аумақта жұмыс істеп жатқан жедел тергеу тобына төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан қажетті көмек көрсетілуде.
Іздеу жұмыстарына кинологиялық қызмет мамандары жұмылдырылған. Құтқарушылар арнайы жабдықты пайдалана отырып, тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн. Ақтауға сондай-ақ Әзірбайжаннан 10 дәрігер мен 28 құтқарушыдан тұратын топ келді. Ал жедел желі телефондарына 629 қоңырау түсті.