Сенатта салық саясатын жетілдіру мәселелері қаралды
Сенатта салық саясатын жетілдіру мәселелері қаралды. Жаңа құжат келер жылы қабылдануы тиіс.
Онда сараланған салық мөлшерлемесін енгізу, салық пен төлемдер санын 20%-ке төмендету, цифрлық бақылауды қамтамасыз ету секілді саланың ашықтығын қамтуға бағытталған бірқатар бастамалар бар. Дөңгелек үстелге қатысушылар құжаттағы жаңашылдықтарға қатысты пікір алмасты. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин жиын қортындысы бойынша түскен ұсынымдар Салық кодексі жобасын одан әрі пысықтау кезінде ескерілетінін атап өтті.