Ұшақ апаты: Ақтау ауруханаcында 6 жолаушы қалды
Ақтау ауруханасында 6 жолаушы қалды. Бұл туралы үкіметтік комиссия мүшелері қазір ғана аяқталған брифингте мәлімдеді. Апатқа ұшыраған әуе кемесін құрастырушы компания өкілдері ертең елге келеді.
Сонымен қатар Әзербайжан, Ресей, Канада, Бразилия сарапшылары тартылады. Вице-премьер Қанат Бозымбаев қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына қаржылай қолдау көрсетілетінін айтты. Әр отбасына 5 млн теңге көлемінде бірреттік төлем беріледі. Сонымен қатар балалары кәмелет жасқа толғанға дейін жәрдемақы төленеді. Көлік министрінің айтуынша, Ақтау әуежайының қызметкерлері апат алдында жедел әрекет етіп, ұшақтың қонуына жағдай жасаған.
Тимур Мұратов, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:
- 6 науқастың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Ес-түссіз жатқан бір науқастың жеке бас мәліметтері анықталды. Құжаттары табылды. Алайда жағдайы ТФМ ауыр және тұрақсыз. Ем-дом шаралары жалғасады. Кадр мен дәрі-дәрмек жеткілікті.