Қарағанды облысында жайылымда жүрген 47 бас жылқы суға кетті

Жайылымда жүрген 47 бас жылқы суға кетті. Оқиға Қарағанды облысында болған. Қарқаралы ауданының полициясына ауыл тұрғындары мал жоғалғаны туралы арызданды.

Жоғалған жылқыны іздеуге полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер жұмылдырылды. Шамамен 10 іздестіру тобы құрылып, жоқ іздегендер облыстың көрші аудандары мен Павлодар облысының Баянауыл ауданына дейін барған. Алайда жылқы өлекселері көлге батып кеткен жерінен табылды.