Қызылордада СуперЦОН – жайлы қызмет көрсету орталығы ашылды
Бұл жоба тұрғындардың уақытын үнемдеуге арналған.
Баспана сатып алу, тұрғын үй кезегін білу, коммуналдық сала, жер алу мәселелеріне қатысты құжаттар енді бір орталықта рәсімделеді. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев өңірге сапары аясында жаңа бастамамен танысты. Бұл жобаны тұрғындардың сұранысына қарай бейімдеп, одан әрі дамыта түсеміз, - дейді мамандар.
Аида Әбибуллаева, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ОФ директоры:
- Жаңа үйді сатып алғаннан кейін барлық коммуналдық қызметтерге барып, келісім-шарт жасау керек. Оны әрі қарай уақытылы төлеп тұру үшін оның барлығының машақаты көп. Он күннен бір айға дейін созылады. Бұл тұрғындардың қалтасына да зиянын тигізеді. Қаланың арғы шетінен мына шетіне бұның барлығы жайсыздық туындатады. Ал бұл жерде біз осының барлығын он күндік жұмысты біз жарты сағаттың ішінде бітіруге қазір жұмыс жасап жатырмыз.