Астанада үздік тәртіп сақшылары марапатталды
Астанада жыл бойы жұмысын ыждағатпен атқарған үздік тәртіп сақшылары марапатталды, деп хабарлайды 24KZ. Мысалы, Есіл аудандық полиция басқармасында ең үздік басшы, жедел уәкіл, тергеуші, криминалист, көші-қон және ювеналды полиция қызметкерлерінің еңбегі ескерілді. Оларға барлығы 11 аталым бойынша марапат табысталды. Осылайша полиция басқармасы 2024 жылдың қорытындылау мақсатында салтанатты іс-шара ұйымдастырып, үздіктердің жемісті қызметін атап өтті.
Әлібек Қожахметов, Есіл аудандық полиция басқармасының бастығы:
- Бізде ШЫҰ саммиті өтті, сосын жаңағы Көшпенділер ойыны болды. Одан кейін ҰҚШҰ саммитін өткіздік. Мемлекет басшысы бәріне жоғары деңгейде баға берді. Бүгінгі іс-шараға марапатталатын жеке құрам сосын ата-аналары бар және де осы жерде біздің ардагерлер бар.
Аманғали Ықласов, Есіл аудандық полиция басқармасы ардагерлері кеңесінің төрағасы:
- Енді мына жұмыскерлердің негізгі қиыншылығы енді оны жоғарыдан да белгілеп жатыр, халықпен жақын болу. Халықтың көңілінен шығатын оларға талап қойылып тұр. Президент әдейілеп ішкі істер қызметкерлеріне жарлық шығарады. Тәртіп сақтау туралы, этикет дегендей. Соның барлығын сақтап жүрсе, онда мен ойлаймын, жұмыстары әрі қарай өрлей береді.