Екі күннің ішінде 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырды
Елде екі күннің ішінде 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырды. Ақтаудың өзінде донорлық пункттерге 490 адам келді.
Астанада 600-ден астам, Шымкентте – 125, Ақтөбеде – 109 адам және басқа өңірлерде де азаматтар бұл апатқа бей-жай қараған жоқ. Денсаулық сақтау министрі осылай деді. Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасында апат болған жерге бірнеше минуттың ішінде келген жедел жәрдем бригадаларының үйлесімді және уақтылы іс-қимылының арқасында ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адамның өмірін сақтап қалды. Біздің дәрігерлер өмірдің әрбір минуты қымбат болған күрделі де қиын жағдайда жоғары кәсіби деңгейде бұл тапсырманы орындады. «Медицина қызметкерлеріне көмектескен қайғылы ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыруға қатысқан әрбір адамға шын жүректен алғыс айтамын», - деді, Денсаулық сақтау министрі.