Өскемендіктер 2024 жылды қалай қорытындылады?
Өткен жылды қорытындылаған Өскемендегі көрерменіміз жаңа жылдан не күтіп отыр?
- Келін түсірдік, немерелі болдық, балалы-шағалы болып жатырмыз. Мемлекетіміз жақсы, берекелі, ұлттар ынтымақты. Одан артық жақсылық бола ма?! Қазақстанымыз жасай берсін!
- 2024 жыл, әрине, тұрғын үй мәселесімен, жөндеу жұмыстарының аяқталуымен есте қалды, сосын осы жұмыс мәселесінде өзімізге берілген жоспарды түгел орындадық деп ойлаймын. Енді келе жатқан 2025 жыл Қазақстанға тек қана жақсылық әкелсін.
- Мен өзіме ұнайтын жұмысқа шықтым декреттен. Қазір алты ай бойы сол жақта жұмыс істеймін. Енді келер жыл бізге жақсылық алып келсін, бақытты болайық, деніміз сау болсын, ең бастысы бала-шағамыз аман болсын деп тілеймін.