Дамылсыз жұмыс істейтін мамандар

Жамбыл облысының бірыңғай диспечерлік қызметі бір жылда 60 мыңнан аса  тұрғынға жәрдемдескен. Жұрт орталыққа күн-түн демей кез келген мәселемен хабарласады. Ал оны жауапты мекемеге жеткізіп, шешімін табу осы орталық мамандарына жүктелген. Сондықтан қызметкерлер тәулік бойы дамылсыз жұмыс істейді.

Әлихан Нұрғалиев бірыңғай байланыс орталығына 1 жыл бұрын оператор болып орналасқан. Бастапқыда халықпен жұмыс істеу қиын болғанын айтады. Бірақ күнделікті 50-60 тұрғынмен тілдесіп өтінішін тіркегендіктен қазір ысылып алған. Мереке қарсаңында да қуана жұмысқа шығып отыр. «Себебі адамдарға көмектесуді жаным сүйеді», - дейді жас маман.

Әлихан Нұрғалиев, оператор:

- Облыс бойынша 1 млн-нан аса халық тұрады. Әрбір тұрғын хабарласқан кезде өтінішті бір дегеннен қабылдап тиісті мекемелерге жібереміз. Біздің мекеме ешқандай мерекеге қарамайды демалысқа қарамайды 24 сағат жұмыс істейміз. Өздеріңіз білетіндей халықтың мәселесі күнделікті шығып отырады. Соған байланысты әрбір күні біз байланыста отырамыз халықпен.

«Байланыс орталығында 15 оператор үш топқа бөлініп, кезектесе тәулік бойы жұмыс істейді. Әсіресе мереке күндері қоңырау жиілейді», - дейді мамандар. Өтініштер адам өміріне қауіптілігіне байланысты 3 санатқа бөлінген. Шұғыл мәселер 1-3 күн аралығында шешілуі тиіс болса, қалғандары 7-15 тәулікте орындалуы керек.

Болысбек Оразов, «Jambyl 109» бірыңғай диспетчерлік қызметінің басшысы

әртүрлі әлеуметтік желілерден тұрғындардан бізге өтініштер түсіп тұрады. Биыл тұрғындардан облыс көлемінде 61 859 өтініш түскен болса, оның ішінде 32 мыңнан астамы оқиға бойынша 500-ден астамы арыздар бойынша 29 мыңға жуық тұрғындарға кеңес берілді.

109 қызметі аймақта 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Мекеме ашылғалы 322 мың тұрғынның өтініші қабылданған. Олардың басымы коммуналдық қызмет, жол, қоғамдық көлік пен ветеренария саласына қатысты. Орталық қызметкерлерінің тиянақты жұмысының арқасында мәселелер тез арада шешімін тауып отырады.