Жыл қорытындысы: көлік инфрақұрылымына қарасты ірі жобалар аяқталды
Биыл Қазақстанда көлік инфрақұрылымына қарасты бірнеше ірі жобаның құрылысы аяқталды. Министрліктің дерегі бойынша елімізде 12 мың шақырым жол жаңғыртылған.
Оның кейбірі күрделі жөндеуден өтсе, кейбірі жаңадан салынды. Биыл ақпанда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бұл құрылыстарды тезірек аяқтауды міндеттеген еді.
Инфрақұрылымды жаңғырту Қазақстанның басым бағыттарының бірі. Үкімет бекіткен 204 жобаның 56-сы көлік саласына қатысты. Министрлік алдында шалғай ауылдарға дейінгі жол қатынасын жақсарту міндеті тұр. Биыл елімізде 12 мың шақырым жол жаңарып, рекордтық көрсеткіш тіркелді.
Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:
- Оның ішінде қайта жаңғырту жұмыстары бар. Күрделі жөндеу, орташа жөндеу жұмыстары т.б. 12 мыңды бөліп айтатын болсақ, оның 8 мыңы –республикалық желі, 4 мыңы – жергілікті желі. Яғни қала іші жолдары. Жыл басталғанда біз бірнеше инфрақұрылымдық жобаны ерекше атап өттік. Осы жобаларды бітіреміз деп уәде бердік деп айтуымызға болады.
Бұл жобалардың ішіндегі ең ірілерін атап өтсек. Олар –Бұқтырма су қоймасының үстінен өтетін 1300 метрлік көпір, Түркістан облысы Шақпақ баба асуынан өтетін 850 метрлік тунель, Алматы облысы Шамалған станциясындағы 6 шақырымдық жол айрығы. Биыл көптен күткен 4 республикалық автожолдың құрылысы да аяқталды. Бұл «Алматы – Астана», «Талдықорған- Қалбатау –Өскемен», «Атырау-Астрахань» және «Ақтөбе – Қандыағаш» трассалары.
Транзиттік потенциалымызды арттыруда темір жол дәлізінің де маңызы зор. Қазір ел бойынша мың шақырымнан астам жол жаңғыртылып жатыр. Оның ішінде «Достық – Мойынты», «Дарбаза – Мақтаарал», обводная города Алматы и «Аягөз-Бақты» сынды ірі жобалар бар. «Қазақстан Темір Жолы» биыл жоспарды асыра орындағанын жеткізді.
Әліби Төлегенов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиал директорының орынбасары:
- Дәстүрлі нарықтардан басқа Ақтау порты арқылы Иранға қосымша 430 мың тонна, Ресей мен Балтық жағалауларына қосымша 250 мың тонна, Әзербайжан нарығына 188 мың тонна тасымалдау қарқынды түрде жаңартылды. 2025 жылы жүк тасымалын одан әрі ұлғайту көзделіп отыр. Бұл Достық-Мойынты екінші жолдарының құрылысын аяқтау, Алматы торабы айналма жолын салуды аяқтау және басқа да инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттыруға бағытталған іс-шараларды аяқтау есебімен жүзеге асырылады.
Биыл «ҚазАвтоЖол» компаниясының көрсеткіштері жақсы. 11 айда мекеме ақылы жолдардан 48 млрд теңге табыс тапқан.
Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:
- Былтырмен салыстырғанда 15 пайыз көп табыс түсті. Бұл қаражат жолдарды күтіп ұстауға, жаңа техника алуға жұмсалды. Былтыр паркіміз 470 арнайы техникамен толықты. Биыл ақылы жолдардан түскен қаражатқа 140 техника сатып алдық. Сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдау қорының көмегімен тағы 380 аламыз.
Биыл Қазақстан теңіз инфрақұрылымына да ден қойды. Ақтау портында өткізу мүмкіндігі жоғары контейнер хабы салынып жатыр. Әуе көлігін дамытуға да көңіл бөлінген. Жаңа жаңа жолаушылар терминалдары қолданысқа беріліп, әуежайларда күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл көлік саласында маңызды серпіліс болды. Алда жүззеге асырылуы тиіс ондаған маңызды жоба бар. Ол 2029 жылға дейін аяқталуға тиіс.
Авторлары: Серік Селеубайұлы, Жандос Битабаров