Павлодардың төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Павлодардың төтенше жағдайлар қызметі қаңтардың бесіне дейін күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды 24KZ. 200-ге тарта қызметкер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Құтқарушылар мереке күндері сақтық шараларын естен шығармау керектігін айтады. Балалардың жарақат алу қаупі артатынын тәжірибе көрсеткен. Сондай-ақ мұз айдындарына, сырғанаққа баланы жалғыз жіберуге болмайтынын ескертеді. Отшашуды қолдану ережелерін естен шығармаған жөн.
Тілекжан Галямов, Павлодар қалалық ТЖБ бастығының орынбасары:
- Бұйрыққа сәйкес Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері күшейтілген режим қызметіне ауысты. Осыған байланысты жеке құраммен осы оқу орындарында арнайы нұсқаулықтар өткізіледі. Біріншіден, мынау балаларды қараусыз үйде қалдыруға болмайды. Жасы кәмелетке толмаған тұлғаларға пешті жағуды тапсыруға болмайды. Ересек адамдарсыз мұз айдындарына балаларға шығуға болмайды. Жасы кәмелетке толмаған тұлғаларға пиротехниканы қолдануға болмайды.