2024 жылы iKomek орталығы 2,5 миллионға жуық өтініш қабылдады

Жаңа жыл түнінде қаланың жедел қызметтерімен қатар iKomek109 мониторинг және жедел іс әрекет ету орталығының операторлары жұмыс істеді.

Олар Астананың қауіпсіздігі мен тіршілігін тәулік бойы бақылайды. Мәселен, өткен жылы орталық елорда тұрғындары мен қонақтарынан 2,5 млн-ға жуық өтініш қабылдады. Қала тұрғындарының Өтініштері негізінен қоғамдық көліктердің, медициналық ұйымдардың және коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына қатысты болды. Бүгінде iKOMEK қызметі халықпен кері байланыстың ең тиімді құралы болып табылады.

IKomek орталығының операторлары күніне 6 мыңға дейін өтінішті өңдейді. Қоңыраулар бірінен соң бірі түсіп жатады. Бірақ мұндағылар әрбір өтінішті өңдеп, тыңдауға әзір дейді аға оператор Айнұр Жазықбаева.

 Айнұр Жазықбаева, iKomek109 орталығының бірінші желісінің аға операторы:

- Басты жұмысымыз халыққа көмек көрсету. сұрақтарын ажауап беру. Бұл жерде әртүрлі сұрақтар қояды. әртүрлі тараптағы адамдар хабарласады. Электр желісі жоқ немесе су жоқ. Немесе су құбыры бұзылып жатыр деп. Көлік тоқтап жатыр деп.

iKomek орталығы қала аумағындағы 19 мыңнан астам бейнебақылау камерасына қосылған. Сол арқылы балабақшалар, мектептер, емханалар және басқа да маңызды нысандар назарда. Сонымен қатар, камералар жолдарды, қиылыстарды, сауда орталықтары, мешіттер мен вокзалдар сияқты адамдар көп жиналатын орындарды қамтиды. Бейнебақылаудың арқасында 2024 жылдың басынан бері 23 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Бюджетке 42 млн теңгеден астам айыппұл төленді.

Әсем Жұмабаева, iKomek109 орталығының бейнебақылау департаментінің бас операторы:

- Біздің департамент қала бойынша бүкіл нарушения. су тасқыны болып жатса, қар үйліліп жатса, үйлердің қасбеті түсіп, жолдың бойында, жер түсіп тесіктер болып жатса  солардың бәрін қараймыз. 24 сағат 7 күн. Камерадан қарап отырамыз.

109 нөмірінен бөлек Facebook, Telegram және Instagram сияқты цифрлық қосымшалар арқылы да орталыққа көмек сұрап жүгінуге болады.  Әрбір өтінім міндетті түрде қаралады.

 Арыстанбек Мәженов, iKomek109 орталығы басшысының орынбасары:

- Үш мыңнан алты мыңға дейін біздің орталыққа келіп түскен шағымдар қаралады. Ол дегеніміз бізде жылына 2 млн 200 мыңнан астам шағым түседі. Бір оператор күніне 250-300 телефон көтереді. Ол әртүрлі күрделі мәселелер, психологиялық тұрғыдан жұмыс істеу қиын. Өйткені кері байланыс беру бір тұрғыннан келіп түскен ауыр мәселе, су ыстық су ағып жатыр ма екен, бала жоғалып кетті ме екен. Сондай үлкен мәселелердің бірі. Соның бәрін бүгінгі күнде айкөмек операторлары, инспекторлары шешуде.

Миллиондаған қазақстандық кеше Жаңа жылды атап өтті. Осы уақытта он мыңға жуық жедел қызмет қызметкерлері, соның ішінде iKomek орталығы жұмыс орындарында болды. Бұл мереке тыныш әрі қауіпсіз өту үшін олар әрдайым қала тынысын бақылауда ұстайды.

Ғазиза Мұхамеджанова, Рауан Қалыбаев, Ербол Дайыров