СҚО-да электрмонтерлер жаңа жылда жарықтың үздіксіз берілуін қамтамасыз етті

Солтүстік Қазақстан облысында 200-ден аса электрмонтёр жаңа жылды жұмыста қарсы алды.

Олар мереке күні кезекшілікке түсіп, жарық беру желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Ал шұғыл шақыртуларға апаттық бригадалар құрылған.

Бұл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша электр энергиясын реттейтін орталық диспетчерлік қызметі. Мұндағы мамандар жүйе желілерін мнемоникалық сұлба арқылы қадағалап, жұмыс тәртібін үйлестіреді. Солардың бірі Наталья Игнатова. Ол былтыр бірінші рет жаңа жылды жұмыста қарсы алды. 

Наталья Игнатова, орталық диспетчерлік қызметінің операторы:

- Әдетте, жаңа жылды отбасыммен дастархан басында қарсы алатынмын. Былтыр өмірімде бірінші рет кезекшілікке түсіп, жұмыста болдым. Түнгі 12-де әріптестерімізбен бір - бірімізді құттықтап, тілек айттық.

Биылғы жаңа жылды жарықпен қамту ұйымының 219 маманы жұмыста қарсы алды. Олар мерекені отбасымен тойлаудың орнына тұтынушыларға қызмет көрсетіп жүр. Мысалы, диспетчер Сергей Молодецкий дәл желтоқсанның 31-і күні бес рет кезекшілікке түскен. 

Сергей Молодецкий, қалалық жарық желілерінің диспетчері:

- Қала бойынша қандай да бір апаттар болса, жедел әрекет ету бригадалары шығады. Олар ақауды тез арада оқшаулап, жарықты қалпына келтіруге тырысады. Әрине, неше түрлі жағдай болады. Бірақ мамандар бәріне дайын.

Өңірде электр желісінің жалпы ұзындығы 13 мың шақырымнан асады. Оның бір жері үзіліп жарық сөніп қалса, облыс орталығы мен әр ауданда апаттық бригадалар құрылған.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков