Елімізде бірқатар жаңа заң жобасы күшіне енді
Былтыр Парламент 100-ден астам заң жобасын қабылдаса, заңнамалық нормалардың басым көпшілігі қаңтар айынан бастап күшіне енді.
Маңызды жаңашылдықтар қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді?
Жаңа жылдан бастап кедейлік шегі жаңаша есептеледі. Енді ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне емес, тұрғындардың медиандық табысына қарай белгіленеді. Яғни орташа күнкөріс табысына байланысты есептеледі. Айлық кірісі медиандық табыстың 35%-на тең болса, адам кедейлік шегінде деген сөз. Бұл Әлеуметтік кодекске енген маңызды өзгерістің бірі. Сонымен қатар Денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс, Еңбек кодексі, Экологиялық кодекс, Қылмыстық-процессуалдық Кодекс, Жеморлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң және өзге де бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді.
Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң күшіне енді. Онда сатып алуды ұйымдастыру, процестерді цифрландыру рәсімдері қайта қаралды. Мақсат - ашықтықты қамтамасыз ету. Енді қызмет көрсетуші немесе тауар жеткізушінің материалдық базасы, сондай-ақ, жұмыскерлері қызмет көрсетілетін елді мекенде тіркеуде болуы міндеттеледі.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Отандық тауарөндірушілерді қолдау мақсатында мемлекеттік сатып алудың ерекше режимінен бастап, оффтейк-келісімшарттарға дейін ауқымды іс-шаралар пакеті ұсынылды. Осы арқылы жергілікті өндірушілердің сатып алуға қатысу тәртібі жеңілдейді. Сонымен қатар, жергілікті өнім мен жеткізушілерді қолдау тетіктері бар. Себебі бұған дейін конкурсты тиісті облыста тіркелмеген компаниялардың жеңген оқиғалары көптеп кездесетін. Мердігерұйымдарға қатысты да шектеулер күшіне енеді.
Экономистер мемлекеттік сатып алу туралы заң тиімді жұмыс істеуі үшін 3 басты қағиданы ескеру керек, дейді. Алғашқысы - сатып алулардың ашық әрі әділ өтуі. Екіншіден, жемқорлық фактілерін азайтудың профилактикалық іс-шаралары. Үшіншіден, отандық тауар өндірушілердің әлеуетін арттыра отырып, оларды қолдауды күшейту. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың тендерлеріне шағын және орта бизнестің көбірек қатысуы маңызды. Сонда мемлекеттік сатып алу туралы заң экономиканың қозғаушы күшіне айналады.
Бауыржан Ысқақов, экономист-сарапшы:
- Ашықтық функциясын тиімділігін арттыру үшін біз құжат алмасуды автоматтандыруды қолға алуымыз керк. Ал жемқорлық фактілерін төмендету үшін біз блокчейн жүйесін, тәуелсіз аудит жүйесін немесе осы сатып алуларға байланысты цифрлық технологиялар жүйесін толыққанды осы заңға енгізуіміз керек. Ал отандық тауар өндірушілерді қалыптастыру үшн біз кейбір экономикаға үлкен үлес қосатын, инновациялық технологияларды әзірлейтін және де дайын өнімдер шығаруға байланысты кәсіпорындарға қандайда бір квоталар мен жеңілдіктерді қарастыруымыз керек.
Жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұл салуға қатысты жаңа норма күшіне енеді. Компания экологиялық апаттарға жол берген жағдайда өтелген айыппұл кәсіпорын орналасқан өңірдің дамуына жұмсалады. Ал, бұған дейін жер қойнауын пайдаланушы мекеме қай жерде тіркелсе, салық сол жерге түсіп отырды.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біз бұны ұзақ талқыладық. Батыс өңірінде жер қойнауын пайдаланып, шынын айту керек экологиялық кейбір запдап шегіп жатқан аймақтар үшін, сол дерде тұрып жатқан азаматар үшн әлеуметтік-экономикалық жақсы көмек болады деп санаймыз.Бұл бірінші мәселе. Екінші мәселе сол бюджет кодексінің аясында енді «Самұрық Қазына» компаниясының дивидендтерінің 50 пайызы Үкіметке, республикалық бюджетке түсетін болды.
Табиғат жанашырлары Экологиялық заңнамаға енгізілген жаңашылдықтардан күтілетін нәтиже зор, дейді. Елде 2021 жылдан бері Экологиялық кодексті жетілдіру бойынша жан-жақты жұмыс жүрді. Қалдықтарды қайта өңдеу бағытындағы жұмыстың тиімділігін күшейтіп, табиғат пайдаланушылардың қызметін жақсартуға айрықша көңіл бөлінді.
Шыңғыс Лепсібаев, "Eurasian Expert Council" ҚҚ президенті, эколог:
- Егер бұған дейін табиғатты пайдаланушылар, яғни, қоршаған ортаны қандай да бір мақсатта қызметіне жаратушы әр үш жыл сайын рұқсат алуы керек болса, енді қайталама қоғамдық тыңдаулар өткізудің қажеті жоқ. Мәселен, бұл қуаттылығын арттыратын табиғат пайдаланушыларға қатысты болуы мүмкін. Рұқсаттардың түрі бойынша жаңа бөлім енгізіліп, жұмыс айтарлықтай оңтайландырылды.
Еңбек адамдары ерекше құрметке лайық. Президент пәрменімен 2025 жыл - «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Биылдан бастап елде түрлі сала өкілдерінің атаулы кәсіби мерекелерінің саны артады.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұған дейін кәсіби мерекелер 6 ғана болса, енді олардың санатына тағы 9 кәсіби мерекелердің күні аталып өтеді. Яғни бұл бізде мысалы агроном, өнертапқыштардың өзінің кәсіби мерекесі болады. Бұл осы мамандықтарға, жалпы еңбек адамына деген, оның беделін арттыруға деген жақсы мүмкіндік деп білеміз.
Қаңтар айынан бастап қазақстандықтар жаппай декларация тапсырмайды. Бұған дейін айтылғандай, зейнеткерлер мен студенттер бұл міндеттен босатылды. Табысын растауға тиістілер қатарында тек жеке кәсіпкерлер, мемлекетік қызметшілер мен оларға теңестірілгендер және шетелде бағалы мүлкі бар азаматтар бар.
Рухани Әбдірахман, Арман Ақшабаев, Нұрғали Мамырбаев