Семейде өзенге құлаған көліктің жолаушысын іздестіру жалғасып жатыр

Семейде жарысқан көліктің бірі Ертіс өзеніне құлап кеткен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ішінде төрт адам болған. Оның біреуі өз күшімен жағаға шығып үлгерсе, бір адамның денесін құтақрушылар алып шықты. Қалған екі азаматты іздестіру жұмысы жалғасуда. Оқиға таңғы 06:00 шамасында болған. Болжам бойынша бір топ семейлік автокөлік жарысын ұйымдастырған. Соңы қайғылы жағдайға алып келді. Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция департаменті қызметкерлері мен әскерилерден құрылған 100-ден астам адам оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қосымша Шығыс Қазақстан облысынан құтқарушылар көмекке келеді деп күтілуде.

Манарбек Шапағатов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

- Ертіс өзеніне көлік құлағаны туралы хабар түскен соң жеке құрам бірден оқиға орнына келді. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өзен бойын түгел қарап жатырмыз. Қазірдің судың ағысы өте қатты. Бұл құтқарушылардың жұмысын айтарлықтай қиындатып тұр.