Сенаторлар Талдықорғанда өңірдегі өзекті мәселелермен танысты
Талдықорған қаласына жаңа кардиологиялық орталық салу қажет.
Себебі қазіргі ғимарат тарлық етіп отыр. Ал жүрек қан тамыры ауруларына шалдыққандар саны аймақта ғана емес, тұтас республика көлемінде артып келеді. Денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселемен еліміздің сенат депутаттары танысты. Сұлтан Дүйсенбінов, Ғалиасқар Сарыбаев және Амангелді Төлемісов мекеменің материалдық техникалық базасын көріп, дәрігерлермен жүздесті. Сонымен қатар халық қалаулылары шахардағы кәсіпорындарға да барды. Жаңадан іске қосылған аккумулятор зауытында жылына 210 мың дана өндірістік батарея шығарылады. Отандық өнім ішкі және сыртқы нарыққа экспортталады. Өңірдің өндірістік әлеуетін бағамдаған сенаторлар енді аудандарды аралап ел-жұртпен кездеседі.
Сұлтан Дүйсембинов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Жұмысқа барғаннан кейін, бұл жердегі ұсыныстар мен елдің айтқан сауалдары бойынша өзіміздің жұмысымызды межелеп, үкіметке әрі қарай ұсыныстарымызды жасаймыз.