Сенат депутаты семейліктермен кездесті
Парламент Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев экономикалық тергеп тексеру департаментінің ұжымымен кездесті.
Кездесу кезінде департамент қызметкерлері өздеріне тұрғын үй төлемдері берілуін сұрады. Депутат ұжымның шағымын тыңдап, аталған мәселені назарға алатынын жеткізді және алдағы жоспарымен бөлісті. Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілген міндеттер мен қабылданған заңдарда көзделген мәселелерді түсіндірді.
Қайрат Тастекеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Абай облысындағы барлық халықтың мәселесі, негізгі күрделі мәселелерін жанайқайлары болса барлығын тыңдап. Мұң-мұқтаждарын шешу үшін келіп отырмыз.