Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қаншаға өсті?

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақының барлық түрі мен базалық зейнетақы 6,5%-ке, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ке ұлғайтылды, деп хабарлайды 24kz.

Сондай-ақ баланың дүниеге келуіне байланысты берілетін жәрдемақы көлемі де көтерілді. 3 балаға дейін туғанда берілетін қаржы 140 мың теңгеден 149 мың теңгеге өсті. Ал төртінші және одан да көп бала тууына берілетін жәрдемақы 233 мың теңгеден 248 мың теңгеге дейін ұлғайды. Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі де жоғарылады. Мәселен 4 баласы барларға 63 мың теңгеге дейін, ал 10 баласы бар отбасыларға мемлекеттен 157 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 102 мың теңгеге, II топ – 81 мың теңгеге, ал III топ – 55 мың теңгеге дейін өсті.