2025 жылы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға ₸6 трлн қарастырылғын

2025 жылы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға ₸6 трлн қарастырылғын

Былтыр әлеуметтік қамсыздандыруға ел қазынасынан 5,4 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде зейнетақы төлеуге 3,8 трлн теңге қарастырылды. Барлық әлеуметтік төлемге арналған қаражат республика бюджеті шығыстарының шамамен 22%-ін құрайды.

Өткен жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекет 614 млрд теңгеге жәрдемақы төледі. Көпбалалы отбасыларды қолдауға 472 млрд 900 млн теңге бөлді. Ал биыл халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңге қарастырылғын. Оны 5 млн жуық адам ала алады. 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылды.

Ақмәди Сарбасов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі:

- Мысал үшін, 2024 жылы зейнеткер шамамен 156 мың теңге зейнетақы алған болса, 2025 жылы бұл сома 171 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Яғни, ай сайынғы ақы көлемі 15 мың теңгеге артады. Бұл жылдық инфляция мөлшерінен әлдеқайда көп.