Мәжіліс депутаттары Алматыдағы жылу электр орталығына барды

Алматыдағы бірінші жылу электр орталығында парагаздық қондырғы орнатылады, деп хабарлайды 24KZ. Бүгінгі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Ол қалдықтарды зиянды заттардан тазартады.

Қомақты қаржыны талап ететін инвестициялық жобаны 2028 жылға дейін іске асыру көзделген. Энергетикалық нысан 2017 жылы толық газға ауыстырылды. Содан бері ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың көлемі азайған. Бүгін Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова орталық жұмысымен танысты. Орталық күнделікті 1 млн текше метрден астам көгілдір отын тұтынады.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Орталық газға ауыстырылғалы бері ауаға тарайтын зиянды заттардың мөлшері азайды. Алматы экологиясын жақсарту үшін әлі де атқарылатын шаруа көп. Көмір жағып отырған үйлер аз емес. Соларды көгілдір отынға көшіру үшін субсидиялық бағдарлама әзірлеу керек деп ойлаймын.