Үкіметте Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу шаралары талқыланды
Жұмысшы мамандардың құқықтарын қорғау және мәртебесін көтеру мақсатында елде «Мансап компасы» жобасы әзірленеді.
Бұл жұмысшы мамандардың өз кәсібі бойынша сатылай өсуіне, білімін толықтыруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау мақсатында өндіріс орындарымен бірлесіп еліміздің мектептерінде 1 000 бейінді сынып ашу жоспарланған. Ал Астанада техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау және дамыту үшін Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылады. Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған осы және өзге де шаралар тізімі Үкімет отырысында қаралды.
Үкіметте бүгін жұмысшы мамандықтар жылының аясында өткізілетін шаралар тізімі қаралды. Жалпы жұмысшы мамандар еліміздің еңбек нарығының негізі болып табылады. Мысал келтіре кетсек, елімізде бүгінде 2 млн 300 мың адам 2 мыңнан астам жұмысшы мамандықтар бойынша еңбек етеді. Қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың 52 пайызы кәсіби немесе техникалық білім алғандар және осы саладағы мамандарға сұраныс біздің елде жылма жыл артып келеді. Мәселен былтырғы жылдың өзінде еңбек нарығында 270 мың бос жұмыс орны ұсынылған екен. Әсірісе жұмысшы мамандарға әлбетте өндірі орындарында ауыл шаруашылығы, транспорт саласында сұраныс жоғары және маңызды ақпараттың бірі - алдағы алты жылда елімізде 1 млн 600 мың жұмысшы маман қажет болады.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Кадрлардың дайындық сапасын қамтамасыз ету үшін жұмысшы мамандықтар бойынша 1,6 мың кәсіптік стандарт жаңартылды. Олардың негізінде білім беру бағдарламаларының 87%-ы жаңартылды. Еуропа стандартын (ESCO) қолданылуымен 12 мыңнан астам дағдыны қамтитын Электрондық дағдылар банкі құрылды. Биыл тағы 100 кәсіптік стандарт әзірленіп, жаңартылатын болады.
Болашақта кадрлық дефицит болмауы үшін қазірден бастап қам жасалуы тиіс. Сондықтан осы жылы бірқатар шаралар жоспарланған. Мәселен елде кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды. Оқушыларды салаға дағдыландыру үшін Кәсіпорындармен бірлесіп еліміздің мектептерінде 1000 бейінді сынып ашылады. Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау барысында Қазақстанның 10 колледжі интернационалдандырылады.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Оқушыларға еңбек нарығындағы талаптарды білуге және мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін кәсіптік бағдаулау қызметі күшейтіледі. Осы арқылы оқушылар кәсіби диагностикамен қамтылады. Кәсіпорындармен бірлесіп еліміздің мектептерінде 1000 бейінді сынып ашылады. Онда оқыту тәжірибесі енгізіледі.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру студенттерін қолдау және дамыту үшін Ұлттық құзыреттілік орталығы құрылады. «Орталық студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру және WorldSkills чемпионаттарын өткізу базасына айналамақ.