Елімізде орман және дала өрті 2,3 есе азайды

Елдегі төтенше жағдайлардың 90 пайызы оттан.

Дегенмен, былтыр орман және дала өрті 2,6 есе азайды. Бұл өртке қарсы күрес саласындағы жаңашылдықтың пайдасы деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі. Мәселен, былтыр Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Абай облыстарында орман алқаптарындағы өртті ерте анықтау жүйесіне өзгерістер енгізілді.

Қазір өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш салынып жатыр. Былтыр алғаш рет тез тұрғызылатын конструкциялардан өрт сөндіру деполарын салу жобасы қолға алынды. Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент сияқты ірі қалаларда және Нарынқол, Қордай, Миялы және Орангай ауылдарында 10 заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды. Сондай-ақ 700-ден астам өрт және авариялық-құтқару техникасы, 4 әуе кемесі және 19 мыңға жуық жабдық сатып алынды. Жалпы, былтыр отандық құтқарушылар 83 мыңнан астам өрт сөндіру және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарына барды. Қызмет барысында 14 мыңнан астам адамды қиын жағдайдан құтқарды. Сондай-ақ 67 мыңнан астам адамды эвакуациялап, зардап шеккен 5 мыңнан аса адамға шұғыл медициналық көмек көрсетті.