Қарағандыда әскери бөлім сарбаздары ант берді
Қарағандыда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде сарбаздар ант берді.
Барлығы 443 жауынгер Отан алдында серт беріп, туға тағзым етті. Олар еліміздің 10 өңірінен келіп, әскери борышын өтеп жүр. Ант беру рәсіміне ата-аналар, сарбаздардың достары қатысты. Жиналған көпшілікке әскери қызметкерлердің дайындаған қойылымы көрсетіліп, салтанатты шеру өткізілді. Басты мақсат - жас сарбаздардың жігерін арттыру, патриотизмді дәріптеу.
Рамазан Арижанов, 6505 әскери бөлімінің сарбазы:
- Бүгін ант қабылдадым. Әскери қызметке қатысты айтар болсам, осы оқу пунктіне қатысқан әрбір офицерге алғысымды айтар едім. Олар кеше ғана келген мен сияқты балалардан жас сарбаз дайындап шықты. Шынымды айтсам әскер мен үшін ойлағам қиын болады деп. Жоқ олай емес екен. Әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын.