Ақтөбеде сырғанақтағы қауіпсіздік шарасы күшейтілді
Ақтөбеде 14 қысқы демалыс орыны бар.
Қала тұрғындары мен қонақтары Елек өзені жағасындағы мына сырғанаққа көп келеді. Ертелі-кеш адам аяғы үзілмейді. Әсіресе каникул кезінде оқушылар ағылып келіп жатыр.
Демалысты ұйымдастырған кәсіпкерлерге талап қатаң. Бірінші кезекте демалушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз етуі тиіс.
Дәурен Қажығалиев, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы:
- Басында екі инструктор болуы керек. Көрсетуші. Төменде күтіп алатын жерде тағы бір инструктор тұрады. Бір біріне рациясы болуы керек. Ол жоғарыдан жіберген бала толық жерге түскеннен кейін екіншісіне хабар береді. Содан соң екінші адамды жібереді. Мына тюбингтерге тек бір адамнан мінгізу керек. Екі адам болмайды.
Инара Көбенова, қала тұрғыны:
- Қыс мезгілінде мұндай демалыс орындарына жиі шығуға тырысамыз. Бірақ жүрген жерде баламнан көз жазбаймын. Барлығын қадағалау мүмкін емес. Дегенмен, ересектер жауапкершілікті ұмытпауы тиіс. Бұл балалардың қауіпсіздігі. Сондықтан ереже сақтау қажет.
Мұз үстінде жүйткитін квадроцикл мен қар мотоциклін басқаруға жүргізуші куәлігі қажет емес. Дегенмен, рульге тек кәмелет жасына толғандар ғана отыра алады. Соңғы жылдары өңірде көліктің бұл түрін жалға беру ережесі күшейді. Себебі 2023 жылы демалыс орнында қайғылы оқиға болып бір адам көз жұмған еді.
Сағынғали Үштаев, кәсіпкер:
- Келген адамды бірінші кезекте қауіпсіздік ережелерімен таныстырамыз. Талаптарымызға келіскеннен кейін қол қояды. Сонан соң ғана көлікке отыруға рұқсат. Егер кәмелет жасына толмаған болса тек нұсқаушымен бірге жүре алады.
Демалыс орындарында талап қатаң болғанымен ережені елемейтіндер де кездеседі. Әсіресе баласына бас-көз болмай түн мезгілінде сырғанаққа жалғыз жіберетін жауапсыз ата-ана да бар. Жаңа жыл басталғалы 30 бала полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Ботагөз Жалекешева, қалалық ПБ Ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы:
- Бірінші рет сол жерде жүргені үшін ата-аналарына ескерту берілуде. Ал екінші қайтара сол катоктың үстінде түнгі уақытта ұсталған болса ювеналды сот арқылы айыппұл салынады 7 АЕК дейін.
Сырғанақ пен мұз айдындарындағы қауізсіздік мәселесі ұдайы назарда болады. Тәртіп сақшылары рейдтік жұмыстар көктемге дейін жалғасатынын аттты.
Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов