Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебі анықталып жатыр
Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебін анықтау жөніндегі арнайы комиссия әлеуметтік желіде тараған ақпарға қатысты түсініктеме бермейтінін хабарлады.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде ұшқыштардың апат алдында «қара жәшікке» жазылып қалған сөздері жарияланған еді. Алайда комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламтордағы ақпаратқа түсініктеме бермейтінін аңғартты. Жалпы алдын ала есеп Қазақстан заңнамасы мен ИКАО талаптарына сәйкес жарияланады. Онда тергеу нәтижесінде анықталған нақты деректер ұсынылады.