Шымкентте электр желілерінің 57% тозған
Шымкент қаласында электр желілерінің 57%-і тозған, деп хабарлайды 24kz.
Былтыр қаланы жарықпен қамтамасыз етуші мекеменің инвестициялық бағларламасы аясында 180 шақырым магистральді желі жаңғыртылған. Сондай-ақ бюджет есебінен Асар-2, Бозарық-1 және Бозарық-3 шағын аудандарына электр жүйесі тартылып, 2 мыңнан астам абонент сапалы жарықпен қамтылды. Биыл да қазынадан 2 млрд-тан астам қаражат бөлініп, желілердің тозу деңгейін төмендетуге жұмсалмақ. Ол үшін Қайнар бұлақ, Құрсай шағын аудандарында құрылыс жүріп, қосалқы стансалар жөндеуден өтеді. Бірақ, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мамандарының айтуынша, электр желілерін толық жаңғырту мүмкін емес. Себебі, «қолданыстағы желі уақыт өткен сайын ауыстыруды талап етеді.
Шохан Айдарбек, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы:
- Оны төмендету басты міндеттердің бірі болып бекітілген. Алайда желілердің басым бөлігі ескі. 50-70 жылдардағы желілер болғандықтан, биыл бір жаңартып, біршама шақырымын ауыстырғанымен, алдығы ауыстырылған жерлер жыл сайын тозуы қайтып келіп қалып жатыр. Электр қуатынан алынған қаражат қайтадан сол желіге салып отырады.